Атырау, 9 қазан 10:22
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

​Атырау облысында бір тәулікте 20 адам Сovid-19 жұқтырған

1 372 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 20 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 12 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды. Исатай ауданында - 3, Құрманғазы ауданында - 1, Қызылқоға ауданында - 1 науқас анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 15 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 5 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 47 адам емделді.

Қазір 195 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 100, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда - 24, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 46 науқас ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

3 қараша 2021, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.