Атырау, 9 қазан 10:22
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Әр жерде камера бар

1 160 просмотра

Атыраулық полицейлер жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 14 мыңға жуық құқықбұзушылықты әшкерелеген.

– Атырау қаласы аумағында 759 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бүкіл ақпарат жедел басқару орталығына түседі. Осы жүйенің көмегімен қоғамдық тәртіп қорғалады, – дейді Атырау облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Жыл басынан бері бейнебақылау жүйесін қолдану арқылы 300-ден астам қылмыс (ұрлық, бұзақылық) және 13 839 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзу, көлікті мас күйінде басқару немесе қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болу фактілері анықталды. Сондай-ақ, камералар тұрғындардың көшеге қоқыс пен темекі тұқылын лақтырғанын да жазып алады.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 қараша 2021, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.