Атырау, 25 қараша 00:23
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Yahoo Қытайдағы жұмысын тоқтатқанын жариялады

1 319 просмотра
Сурет: ©REUTERS/Denis Balibouse

Америкалық Yahoo технологиялық компаниясы Бейжің тарапынан қатаң шектеуге байланысты Қытайдағы қызметін толық тоқтатқанын жариялады - деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Қытай заңнамасына сәйкес, Қытайда жұмыс істейтін компаниялар 1989 жылы Тяньаньмэнь алаңындағы оқиғаларды қоса алғанда, саяси жағынан орынсыз деп саналатын контент пен кілт сөздерді цензуралауға міндеттеледі.

"Қытайдағы іскерлік және құқық талаптарының күрделене түскенін ескере отырып, Yahoo қызметтерінің жиынтығы Қытайда 1 қарашадан бастап қол жетімді болмайды", - делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, Yahoo China 1999 жылы, компания әлемдегі жетекші интернет-компаниялардың бірі болған кезде іске қосылды. Кейінгі жылдары өз қызметін едәуір қысқартты. 2013 жылы Yahoo қытайлық электронды пошта қызметін жауып тастады. Екі жылдан кейін компания Бейжіңдегі кеңсесін жауып тастаған еді. Yahoo Қытайдағы қызметін қысқартқан соңғы америкалық компания болды, өйткені үкімет Facebook және Twitter сияқты танымал платформаларды бұғаттаған. Сондай-ақ, өткен айда Microsoft қытай нарығында LinkedIn-ді жауып тастаған болатын.

Әлеуметтік желілер Қытайдағы қатаң ережелерге бағынады және Үкіметтің талабымен Қытай қолданушыларының жеке деректерін жіберуге міндетті. Сондай-ақ, платформалар Қытайдың билеуші Коммунистік партиясын сынға алған хабарламаларды жоюға да міндеттеледі.


3 қараша 2021, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.