Атырау, 23 желтоқсан 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Көптоғайлық кішкентай ару «Әлем супермоделі-2021» атанды

2 250 рет қаралды

Атырау облысының Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының сегіз жасар тұрғыны Мариям Ишанғалиева Сочиде өткен «Супермодель-2021» дүниежүзілік жас модельдер байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.

Конкурсқа әлемнің 25 елінен қыздар қатысты. Жас арулар байқауында визит картасы, сән көрсетілімі және шығармашылық бойынша үш тур болды.

Кішкентай «мисстің» анасының айтуынша, сән байқауында Мәриям сахнаға ұлттық киіммен шыққанда, «Адай» күйі  ойнап тұрған. Қазылар алқасының пікірінше, қазақстандық қыз жеңіске лайық болды. Мариям Ишанғалиева С.Мұқанов атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы. Сұлулық байқауларына бірінші рет қатысып отырған жоқ, оның басқа да титулдары бар.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 қараша 2021, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.