Атырау, 9 қазан 10:25
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Индер ауданындағы су мәселесі қиындап тұр

1 233 просмотра

Индер ауданында ауыз су мәселесі өткір тұр. Кейбір елді мекенде су сағатпен беріледі. Ал тамызда тазарту құрылғысына қызмет көрсететін кәсіпкерлерге берілетін субсидиялар жойылып, су бағасы қымбаттады. 

– Суды Есбол, Ынтымақ ауылдарына СТҚ арқылы береміз. Субсидиясыз жағдай шамалы. Тұтынушылар төлеп отыр, бірақ біздің шығындарымыз әлдеқайда көп. Қыркүйек айында 500 мың теңге алдық, бұл ақша қызметкерлер жалақысының жартысы мен салық төлеуге ғана жетті. Электр қуатының өзіне 300 мың теңге қарызбыз, – дейді «Есбосынов» шаруа қожалығының төрағасы Рашид ЕСБОСЫНОВ

Ал аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВТІҢ айтуынша, қазір субсидиялауды жаңғырту мәселесі республикалық деңгейде шешілуде. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 қараша 2021, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.