Атырау, 9 қазан 10:33
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Жарық тарифіне қатысты «ойын»

1 579 просмотра

1 қарашадан бастап Қазақстанда, соның ішінде Атырау облысында электр энергиясының тарифі 6,2%-ға өсті. Осылайша, Атырау облысында енді ол жеке тұлғалар үшін 5,71 теңге (5,44), заңды тұлғалар үшін 31,45 теңге (26,21), бюджеттік ұйымдар үшін 38 теңге (31,47) құрайды.

Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті «Атырау Энергосату» ЖШС-нің шекті бағаларының өзгеруіне энергия өндіруші және тасымалдаушы ұйымдар тарифінің көтерілуі, сондай-ақ реттелетін қызметтер көлемінің төмендеуі негізгі себеп болып отырғанын айтады.

Ал «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ президенті Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА Энергетика министрлігі тұтыну көлемі көп десе, тарифтің көтерілуі қалайша электр энергиясын аз тұтынуға байланысты болмақ деген сауал қояды.

Бұл ретте ол мұның Энергетика министрінің электр энергиясын өндіру тарифін, яғни ЖЭО-ның шекті тарифтерін көтеру туралы бұйрығымен байланысты екенін атап өтті.

– Осыдан кейін 1 сәуірден бастап ТМРКД «Атырау Жарық» АҚ үшін электр энергиясын тасымалдау тарифін көтерді. Бірақ ТМРКД басшысы тарифтің көтерілу себебі электр қуатын тұтынудың төмендеуіне байланысты дейді. Мен олардан сұраным дайындап, облыстық ТКШ басқармасынан, облыстық құрылыс басқармасынан 2021-2022 жылдарға арналған көлемдерді растау үшін жауап алуды өтіндім. Өйткені жаңа тариф жыл бойы қолданыста болады. Осылай ма, көрсетсін. Біз қазір «жасыл аймаққа» кірдік, шағын және орта бизнес жұмыс істей бастады. Ең бастысы - Энергетика министрі тұтыну көлемі жыл сайын өсетінін атап өтті. Ендеше ТМРКД қайдағы төмендеу туралы айтып отыр? – дейді Б.Досмұхамбетова. – Мен ТМРКД директорынан сұрадым, ол жеке тұлғалармен алдыңғы үш жылдағы тұтыну көлеміне талдау жүргізіледі деп келісті. Мен неге бұлай деймін – өйткені ол департамент жүргізуі тиіс талдауға сүйене отырып, электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді бекітуі керек еді. Бұл көлемдер 2009 жылы бекітілді, содан бері талданбаған және қайта бекітілген жоқ.

Сондай-ақ, «KEGOC» АҚ деректеріне негізделген Ranking зерттеулеріне сәйкес, өңірде электр энергиясын тұтыну артқанын, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарымен бірге энергиясы мол өңір екенін атап өткен жөн.

Айнұр САПАРОВА

2 қараша 2021, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.