Атырау, 9 қазан 10:30
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысында бір тәулікте 19 адам Covid-19 жұқтырған

1 615 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 19 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында 13 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды. Құрманғазы ауданында 1 науқас тіркелді.

Коронавирус инфекциясы бар 14 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 5 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 5 адам емделіп шықты. 

Қазір 231 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 91, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,

аудандық инфекциялық стационарларда - 23, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 47 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

2 қараша 2021, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.