Атырау, 26 сәуір 17:44
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырау полицейлері ұрланған көлікті 15 минутта тапты

Бейнежазба
1 866 просмотра

31 қазанда сағат 20:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына бір әйел қоңырау шалып, Вокзал маңы ықшам ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің ауласынан BWM маркалы көлігін айдап кеткенін хабарлаған. 

Осы қоңыраудан  кейін патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған көлікті 15 минуттың ішінде Вокзал маңы ықшамауданында орналасқан кафелердің бірінің алдынан тапты. Орал тұрғынына тиесілі көлікті 48 жастағы қала тұрғынының ұрлап кеткен боп шықты. Сараптама оның орта дәрежелі масаң күйде екендігін көрсетті.

ҚР Қылмыстық Кодексiнің 200-бабы бойынша («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 


Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 қараша 2021, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.