Атырау, 9 қазан 11:21
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Сағызда жараланған үш адам облыстық ауруханада ем алуда

1 447 просмотра

Түнде Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған атыстан зардап шеккендер Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасы қолынан жеңіл жарақат алған бір зардап шегушінің үйіне шығарылғанын, екіншісінің қол жарақатымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.

- Зардап шеккен үш адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары тұрақты, ем қабылдап жатыр. Олар травматология бөлімінде дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, 30 қазан күні Сағыз ауылында жаппай төбелес орын алып, атыс қаруынан 6 адам зардап шегіп, олардың бірі ауруханада көз жұмған еді.

Фархат АБИЛОВ

1 қараша 2021, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.