Атырау, 9 қазан 11:24
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Сағыздағы оқиға

Толықтырылды
1 491 просмотра

30 қазан күні сағат 19:30 шамасында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында ауылдастар арасында атыс оқиғасы болып, алты адам зардап шекті, оның ішінде бесеуіне оқ тиген. 

"АЖ"-ның ақпараты бойынша атысуға ауылдың әр жерінде тұратын жігіттердің өзара келіспеушілігі себеп болған. 

-Зардап шеккендер Сағыз ауылының амбулаториялық ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында Атырау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 24 пен 99-бабы (Қылмыс жасауға дайындалу және адам өлтіруге жұмыстану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кейін ПД қосымша ақпарат берді: 

"30 қазан күні сағат 19:30 шамасында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы тұсындағы Атырау-Ақтөбе тас жолының 331 шақырымында төбелес орын алып 5 адам атыс қаруынан, ал 1 адам дене жарақатын алған. Алған жарақат салдарынан 1985 ж.т., азамат Сағыз ауылының амбулаториялық ауруханасында қайтыс болды. Қазіргі таңда, оқиға орнында Атырау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмылдырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2 бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Болжам бойынша оқиғаға ауыл тұрғындары арасындағы өзара келіспеушілік себеп болған".

Бұл ауылда осындай оқиға алғашқы рет орын алып отырған жоқ. Өткен жылдың шілде айында Сағыз ауылының әр жерінде тұратын жастардың арасында да келіспеушілік болып, жаппай төбелеске дейін ұласқан. Салдарынан 27 жастағы Беркін ТІЛЕУБАЕВ пышақ жарақатын алып, қайтыс болды. Адам өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды. 

Фархат АБИЛОВ

1 қараша 2021, 00:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.