Атырау, 15 қараша 13:37
 дождьВ Атырау +7.3
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41

Тоңазытқыштың артына тығылған баланы тоқ соғып, қаза болды

2 043 рет қаралды

30 қазанда қала маңындағы Ширина ықшамауданында өз үйіндегі тоңазытқыштың артына тығылған 10 жасар баланы тоқ соғып, қаза болды.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, баланың әжесі 103-ке 14:45-те қоңырау шалған, «жедел жәрдем» 14:51-де келіп жетті, алайда оған дейін бала жан тапсырып үлгерген.

- Баланың қаза болу оқиғасына қатысты тексеру жүргізілуде. Денесінде жарақат жоқ, - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментнің баспасөз қызметі. 

Фархат АБИЛОВ

31 қазан 2021, 23:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.