Атырау, 9 қазан 11:19
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

​Атырауда әйел-жүргізуші жасөспірімді қағып кетіп, «қорыққанынан» оқиға орнынан кетіп қалды

1 506 просмотра

29 қазанда сағат 21:30-да 102 кезекшісіне Өркен ықшамауданында шетел автокөлігінің жүргізушісі жолда жасөспірімді қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалғанына куә болған қала тұрғыны хабарласты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында бейнебақылау камералары арқылы полиция «BMW» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісін анықтап, тауып алды. Әйел өз кінәсін мойындап, қорқып кеткеннен оқиға орнынан кетіп қалғанын айтты.

Зардап шеккен жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, дәрігерлер аяғы сынған дейді.

ҚР ҚК 345 бабы («Жүргізушінің адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

31 қазан 2021, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.