Атырау, 9 қазан 11:24
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Драма театр алдындағы көгілдір шырша климатымызға шыдай алмаған

Сурет
2 138 просмотра
«АЖ» мұрағатынан алынған сурет: былтыр шырша осылай отырғызылған

Былтыр желтоқсан айында драма театр алдындағы алаңға Германиядан әкелінген тоғыз метрлік көгілдір шырша отырғызылған болатын. Алайда сегіз айдан кейін ол жерсінбей қалған екен.

– Жаңа жылға демеушілер тарту еткен көгілдір шырша қала тұрғындарына жағымды эмоция әкелді. Бірақ сатып алу тек бастамасы ғана, ағашты дұрыс отырғызып, мұқият күтім жасау керек. Айтайын дегенім, біздің тарапымыздан шыршаны отырғызу, күтіп-баптау бойынша еуропалық тәлімбақтың ұсыныстарымен көп жұмыс жасалды. Бұл бізге қоңыржай-континенттік климаттық белдеуде орналасқан Германиядан әкелінді, ал біздің аймақтың климатында ауа температурасы күрт төмен болады, - дейді «Каспийдормостострой» ЖШС өкілі Леонид ЗАДЕРНЫЙ.

Оның айтуынша, ағаштың көлемі мен жасы неғұрлым үлкен болса, оны көшіру соғұрлым қиын болады. Бірінші жыл - ең қауіпті және маңызды кезең.

– Бізде бұл шырша 8 ай өмір сүрді, ыстыққа шыдады, көктемнен бастап ағашымыздың жаңа жағдайларға біртіндеп бейімделе бастағанын байқадық. Көшіру нәтижесінде тамыр жүйесі зақымдалатынын өзіңіз түсінесіз. Алайда қыркүйек айының ортасында ауа температурасы күрт төмендегенде шыршамыз ауыра бастады, оны қалпына келтіруге көп күш салдық. Отырғызған сәттен бастап суару, қылқан жапырақты зиянкестерден емдеу, тыңайтқыштармен тыңайту сияқты жұмыстар жүргізіліп, тамырлар мен ұшар бастарына стимуляторлар қолданылды. Бірақ, өкінішке орай, оны тірі алып қалу мүмкін болмады, - дейді Л.Задерный.

Қала әкімдігі жергілікті бюджеттен сатып алу үшін де, отырғызу үшін де қаражат бөлінбегенін баса айтты. Бірақ соманы да атамады. Енді демеуші тағы бір ағашқа тағы да Батыс Еуропадан тапсырыс беруде.

Фархат АБИЛОВ

29 қазан 2021, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.