Атырау, 24 қараша 22:10
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Махамбеттің өлеңдерін оқуда рух жетіспеді

Сурет Бейнежазба
2 570 просмотра

Атырауда 6-11 сынып оқушылары оқушылары арасында облыстық дәстүрлі Махамбет оқулары өтті. Олар Махамбеттің жатқа білетін өлеңдерінің тізімін алдын ала қазылар алқасына ұсынып, қазылар жаттаған өлеңдерінін арасынан кез келген өлеңді мәнерлеп оқуды талап етті.

Үміткерлердің барлығы сахнаға батырдың образымен дулыға киіп, қолына семсер ұстап шыққанымен кейбірінің оқыған өлеңдерінен батырлық рух сезілмеді. Қанша дегенмен бала ғой, арасында толқып, сөздерін шатастырып, қате оқығандар да болды. Дегенмен Индер ауданы қатысушы Айбын ӨТЕМІСОВ қазылардың көңілінен шықты.

- Мен М.Әуезов атындағы мектепте оқимын. Махамбет шығармашылығын бала кезімнен зерттеп келемін. Ең алғаш Махамбет оқуларына 3-сыныпта қатыстым. Ақынның 50 өлеңін жатқа білемін. Күні кеше аудандық байқаудан жеңімпаз атанып, облысқа жолдама алып келдім, - дейді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

29 қазан 2021, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.