Атырау, 9 қазан 12:15
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +15
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Құқық бұзушылықтар хроникасы

1 523 просмотра

«Рефлекс-2021» жедел-алдын алу шарасы барысында ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні жасырған азаматты ұстады. Бұл 32 жастағы азамат болып шықты. Полицияның мәліметінше, ол синтетикалық есірткіні заңсыз сақтады деген күдікке ілінді.

«Оның жалға алған пәтерін тексеру кезінде есірткіні сатуға арналған түрлі құралдар мен құрылғылар тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 85 грамды құрады, – деп хабарлады Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев. ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-тармағы («Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

* * * * *

Атырау қалалық полиция басқармасына мекемелердің біріне 2 миллион теңгеден астам шығын келтірілгені туралы арыз түсті. Қазір бұл мекеменің 38 жастағы қойма меңгерушісі қысқы маман киімдерін (50 күрте және 20 комбинезон) жымқырды деген күдікке ілініп отыр. ҚР ҚК-нің 189-бабының 2-тармағы («Адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алуы немесе талан-таражға салуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

* * * * *

23 қазанда сағат 17.00 шамасында Азаттық даңғылындағы «Нарсуд» аялдамасына жақын жерде жаяу жүргіншілер өткелінде «Лада Гранта» көлігі 71 жастағы әйелді қағып кеткен. 28 жастағы жүргізуші Жилгородоктан Балықшыға кетіп бара жатқан. Жедел жәрдем сүйегі сынған зардап шегушіні облыстық ауруханаға жеткізді,. Қазір травматология бөлімінде жатыр.

* * * * *

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде басқарған 500-ге жуық жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Олардың 100-ден астамының жүргізуші куәлігі жоқ. Мәселен, 22 қазан күні кешкі сағат жетілер шамасында полицияға Владимирский көшесінің бойындағы «У Гаджи» кафесінің алдында «Приора» көлігінің жүргізушісі мас күйінде рөлге отырғаны туралы хабарлама түсті. Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнекамера көмегімен көліктің тұрған жерін анықтап, хабарлама расталды: жүргізуші шынымен де мас болған. Оның үстіне жүргізу құжаты болмады. Баптың 6-бөлігі бойынша хаттама жасалды. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы («Жүргізушінің көлік құралдарын басқару құқығынсыз және алкогольдік масаң күйде басқаруы») бойынша хаттама жасалып, сот құқық бұзушыға 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады. 

** * * *

Атырауда көліктерді мүгедектерге арналған орындарға қою фактілері жиілеп кетті: жыл басынан бері бұл заң бұзушылық үшін 100-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, 19 қазанда Баймұханов көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығының алдындағы мүгедектерге арналған тұраққа «Лада Гранта» көлігін қойған. Тексеру барысында 20 жастағы жүргізушінің мүгедек емес екені анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 4-тармағы («Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тәртіп бұзушыға 29 170 теңге айыппұл салынды. 

*** * *

20 қазан күні сағат 00:30 шамасында Атырау ҚПБ патрульдік полиция қызметкерлері Махамбета көшесіндегі «Идеал» супермаркетінің жанында NissanTerrano автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік рулінде 17 жастағы жасөспірімнің отырғаны белгілі болды.Ол ағасының көлігін рұқсатсыз алған екен. Осы факті бойынша көліктің 59 жастағы иесі ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-тармағы («Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, жыл басынан бері Атырауда 10-ға жуық кәмелетке толмаған жеткіншектің көлік жүргізгені анықталды. 

** * * *

Соңғы 20 күнде патрульдік полиция қызметкерлері Атырауда айыппұлдары төленбеген 90-ға жуық автокөлікті анықтады. Оның ішінде 69-ы Ресейден, 13-і Армениядан, 1-еуі Қырғызстаннан әкелінген. Сонымен, 22 қазан күні таңертең Азаттық даңғылындағы «Метрополь» мейрамханасының маңында Ресей Федерациясында тіркелген «ВАЗ-2112» көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында 39 жастағы жүргізушінің жалпы сомасы 1 миллион 121 мың теңгені құрайтын төленбеген 49 айыппұл бар екені анықталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Бұдан басқа, жүргізуші куәлігі болмаған, бұл үшін сот оған 58 мың 340 теңге көлемінде айыппұл салды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

29 қазан 2021, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.