Атырау, 19 наурыз 10:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Спорт жаңалықтары

1 399 просмотра

Словенияның Градец қаласында дзюдодан юниорлар арасында Еуропаның ашық кубогы өтті. Татамиге барлығы 17 елден бес жүзден астам дзюдошы шықты.

Жаттықтырушылар Болат Жұмабаев пен Данияр Жақсиев бастаған Атырау облысының спортшылары 3 алтын, күміс және қола алқа жеңіп алды. Қыздар арасында Зере Өтепқали (36 келіге дейін) мен Дәмелі Асылханова (52 келіге дейін) жеңімпаз атанды. Күміс алқа Әсел Русланқызына бұйырды.

Жас жігіттер арасында Аманжол Дидар (60 келіге дейін) алтын, Табылды Биғамбаев (35 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

* * * * *

Грекияның Лутраки қаласында ардагерлер арасында күрестің барлық түрінен әлем чемпионаты өтті.

Мұнда грек-рим стилінде атыраулық балуан Эдуард Дурманов шеберлігін паш етті. Ол 3 рет жеңіске жетті. Бірақ финалда алаң иелерінің өкіліне есе жіберіп алып,  күміске қол жеткізді. Тағы бір ардагеріміз Рашид Мусин 5-орынға ие болды.

* * * * *

Лиссабонда дзюдодан ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Бұл турнирде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола алқа жеңіп алды.

Қола жүлделердің бірі атыраулық спортшы, самбодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионы 58 жастағы Марал Көшеновке бұйырды. Ол француз, одан кейін португалдық дзюдошылардан айласын асырғанымен, жартылай финалда бельгиялық қарсыласынан ұтылды.

* * * * *

Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында кикбоксингтен әлем чемпионаты өтіп, оған 65 елден 1600 спортшы қатысты.

Мұнда белгілі бапкер Данияр Юсупов бастаған Атырау облысының құрамасы алтын, күміс және қола алқалар иеленді. Нұрсұлтан Жұмабаев 51 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.

* * * * * 

Қарағандыда аралас жекпе-жектен (Номад MMA) әлем чемпионаты өтіп, оған 12 елден 623 спортшы қатысты. Бұл турнирде облыс құрамасы 4 алтын, 3 күміс және 1 қола алқа жеңіп алды.

Самат Жағыпаров, Темірғали Өтемісов, Асылжан Қуандыққызы және Самира Леспаева чемпион атанды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 қазан 2021, 21:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.