Атырау, 26 қараша 06:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда құрылысшыларды тонағандар ұсталды

Бейнежазба
1 785 просмотра

Атырауда түнгі уақытта құрылыс нысанында құрылысшыларды тонап кеткен төрт күдікті ұсталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 600 мың теңгеден астам.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім ЕРДӘУЛЕТТІҢ ақпараты бойынша, 10 қазан күні сағат 03:30 шамасында белгісіз біреулер Нұрсая ықшамауданында салынып жатқан үйлердің бірінің екінші қабатында ұйықтап жатқан құрылысшылардың ақшасы мен заттарын ұрлап кеткен. Ол кезде келтірілген шығын 414 мың теңге болған.

Сол түні белгісіз біреулер Атырау ықшам ауданындағы құрылыс алаңына кіріп, жалпы сомасы 240 мың теңге тұратын бірнеше құнды заттар мен ұялы телефондарды ұрлаған.

– Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында төрт күдіктіні – 26-31 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындарын ұстады. Олар өз кінәларын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді М.Ерлаулет. ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-тармағы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА 

27 қазан 2021, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.