Атырау, 20 сәуір 10:58
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Экология министрлігі: Жайықтағы «аралдар» желден пайда болған

1 916 просмотра

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзенінің қала маңындағы Алмалы ауылы тұсындағы таяздануы желдің әсерінен болған деп мәлімдеді.

Осыдан бұрын «АЖ» Алмалы ауылы тұсында өзен қатты таязданып, екінші жағаға жаяу жүріп өтетіндей құмды «аралдар» пайда болғанын хабарлаған еді.

Су ресурстары комитетінің Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы өкілдері сол жерге тексеру жүргізді.

- Бұл жер желшегерме-желкөтерме құбылыстары аймағында орналасқаны анықталды. 19 және 20 қыркүйекте солтүстік-батыстан соққан жел Каспий теңізі деңгейіне әсер етіп, Жайық таязданып, аралдар пайда болды. Қазір бұл аймақта оңтүстік-батыстан жел соғып тұр, сондықтан судың толқыны кері соғып, аралдар қайта суға толып жатыр, - деп хабарлады экология министрлігінде. Мамандар соңғы жылдары өзен бассейнінде су азайғанын да атап өтті. "Январцево" өлшеу станциясы шекаралық учаскесінде байқалған ағын 3,5 - 5,5 текше шақырымды құрады, орташа жылдық ағыс 8,14 текше шақырымға жеткен.

- Жайық өзені ағынының 80 пайызға жуығы Ресей Федерациясы аумағына тиесілі. Қазір ҚР шекарасына жақын орналасқан Ириклинск су қоймасының көлемі 2681 миллион текше километрді құрайды, су екі ел бірігіп бекіткен кесте бойынша секундына 15 текше метр шығындап жіберіледі. Өткен жылы ол секундына 14,3 текше метрді құраған еді.

Фархат АБИЛОВ

22 қыркүйек 2021, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.