Атырау, 23 желтоқсан 08:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Су тізеден келеді: өзенді енді кешіп өтуге болады

Сурет
2 128 рет қаралды

Жайық көз алдымызда құрып бара жатыр.  Қала маңындағы Алмалы ауылының маңында өзенді кешіп өтуге болады.

Біз өзеннің өте тайыз, құмды «аралдар» пайда болған жеріне бардық, ол жермен келесі жағалауға жаяу өтіп шығуға болады.

- Бұл Жайықтың қайраңды таяз жері. Қайраңда қалқымалы заттардың қалып қоятынын бәрі біледі, су баяу жүргендіктен осындай «аралдар» пайда болады. Бұрын қайраңдар үнемі тазартылып тұратын, бірақ жергілікті билік көптен бері бұл жұмыстарды жасамады, - дейді экология белсендісі, «Атамекен-Эко» ҚҚ төрағасы Арман ХАЙРУЛЛИН.

Жайық өзенінің басқа жерлерінде мұндай апатты тайыздану әзір байқалмады, бірақ климаттық өзгерістер мен биліктің немқұрайлығына қарағанда, бұл уақыттың еншісіндегі мәселе...

Фархат АБИЛОВ

21 қыркүйек 2021, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.