Атырау, 2 мамыр 01:48
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Пайдасыз тұрған қоқыс жәшіктері

460 просмотра

Индербор кентіндегі тазалыққа жауап беретін мекеменің арнайы манипуляторы істен шығуына байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған «Экобин» қоқыс жәшігінің пайдаланылмай тұрғанына тоғыз айға жуықтаған.

Себебі әдеттегі қоқыс жәшіктеріне қарағанда, пішіні өзгешелеу. Оларды 2019 жылы «АстанаСтрой» ЖШС-і Ресейдің Мәскеу қаласынан алып келген. Бастапқыда пайдаланылды, қоқыстар жайрамай, көзге қораш көрінбейтін еді. Ал қазір пайдасыз тұр.  


- Кенттің тазалығын күтіп ұстаушы «ЖасылАймақ» ЖШС-дегі манипулятор техникасының істен шығуына байланысты осы жылдан бері қоқыс жәшіктері пайдаланылмай тұр, - дейді Индер ауданының әкімі Салауат ӨТЕҒҰЛҰЛЫ.

Ал Жылыой ауданы Құлсары қаласында 2019 жылы мемлекеттің 76 млн теңгесіне сатып алынған дәл осындай 81 дана қоқыс жәшігін шаң басып, алынғаннан бері пайдаға асырылмай тұр. Бүгінде кейбірі іске асудан қалған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

15 қыркүйек 2021, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.