Атырау, 14 желтоқсан 05:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Бұрынғы жұмысынан 11 миллион ұрлаған

Сурет
1 519 рет қаралды

Атырауда төлем жүйесіне заңсыз кіру арқылы ЖШС-лердің бірінен 11 миллион 170 мың теңгені жымқырған 6 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

- Күдіктілердің бұрын осы ЖШС-де жұмыс істегені анықталды, олардың біреуі ұсталғанға дейін сол жерде жұмыс істеп, сыбайластарына төлем жүйесіне кіру үшін құпия сөздер ұсынып отырған. Тінту кезінде оның үйінен 6 төлем терминалы мен қосымша перифериялық құрылғылар табылып, тәркіленді, - деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-тармағының 1- және 3-тармақшалары («Аса ірі мөлшерде қылмыстық топ жасаған ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеуде жүргендер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Айнұр САПАРОВА

13 қыркүйек 2021, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.