
Батыс Қазақстан облысында Шыңғыс кен орнын сынақ ретінде пайдалану жұмыстарына кірісу жоспарланып отыр. Жобамен «RV-Oil&Gas» қазақстандық компаниясы айналысып жатыр, деп жазады «Нефть и газ Казахстана» телеграм-арнасы.
Жұмыстар Қратөбе ауданындағы Шыңғыс және Телсу тұзды күмбезді құрылымдарының аумағында жүргізіледі. Келісімшарт учаскесінің аумағы 940,2 шаршы шақырымды құрайды.
Жоба аясында бұрын бұрғыланған үш ұңғыманы қалпына келтіру, сондай-ақ екі жаңа ұңғыма — озыңқы өндіруші және барлау ұңғымаларын бұрғылау жоспарланған. Бұрғылау жұмыстары 2027 жылдың бірінші тоқсанына белгіленген. Нәтижесінде нысанда төрт өндіруші ұңғымадан тұратын қор қалыптастырылады.
Компания толық ауқымды өнеркәсіптік игеру туралы әзірге сөз болып жатпағанын атап өтеді. Сынақ ретінде пайдалану және қорларды бағалау кезеңі 2027 жылдың мамырынан 2030 жылдың мамырына дейінгі кезеңге есептелген. Оның қорытындысы бойынша мамандар кен орнын толыққанды игерудің техникалық-экономикалық мақсаттылығы туралы қорытынды жасайды.
Қараша айының соңында жұмыс аймағынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан Ақтай кентінде қоғамдық тыңдаулар өтеді. Онда тұрғындар мен сарапшылар жобаның қоршаған ортаға ықтимал әсері туралы есепті талқылайды.
В Атырау +2.9