
Бүгіннен бастап Қазақстандағы республикалық маңызы бар үш бірдей күрежолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды. Жаңа жүйе Алматы – Қорғас, Қарағанды – Бурылбайтал және Қызылорда – Арал бағыттарындағы жол бөліктерінде жұмыс істейді.
Автоматтандырылған жүйе көлік құралының бақылау аймағына кірген және шыққан уақытын дәл тіркейді. Жүріп өткен жалпы қашықтық пен уақыт негізінде көліктің орташа жылдамдығы автоматты түрде есептеліп шығарылады. Осылайша, жүргізушілердің тек бейнекамера орналасқан тұрда ғана жылдамдықты бәсеңдетіп, басқа бөліктерде асыруына жол берілмейді — жолдың барлық бақыланатын аумағында белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтау қажет.
Ішкі істер министрлігі қала сыртындағы түзу жолдар мен қозғалыс сирек кездесетін аумақтарда жүргізушілердің жылдамдықты байқамай асырып жіберетінін ескертеді. Статистика көрсеткендей, рұқсат етілген жылдамдықты асыру — ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі.
Сонымен қатар қараша айында ауа райының күрт өзгеруі, күннің ерте батуы, жолдарда көктайғақ, тұман және қардың пайда болуы қауіпті екісесе арттырады. Осыған байланысты ведомство жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтап, ауа райы мен жол жағдайын басты назарда ұстауға, өзі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға үндейді.
В Атырау +2.9