Атырау, 24 қараша 08:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тозығы жетсе де тізімде жоқ

3 079 просмотра

Бұл қазылған шұңқыр да, суға еткен подъезд де емес. Бұл Дружба көшесіндегі әдеттегі екі қабатты үйдің кіре берісі. Бұл үйлердің ескіріп, тозғандығы сондай, оларға ешқандай жөндеу де көмектеспей отыр.

«Пәтерімдегі еденнің бәрі шіріп, қабырғалары көгеріп кетті. Жыл сайын біресе бір жерін, тағы бірде басқасын жамап-жасқау үшін жұмысшылар жалдаймын. Өткен жолы пәтердегі канализациялық тұрбаны пластик тұрбаға ауыстырған едім. Одан пайда болмады», - дейді күйінішпен №14 үйдің бірінші қабатындағы пәтердің қожайыны Айтжан АРЫСТАНОВА. Жылдан жылға үй шөгіп барады, подъезге тұрғындар еңкейіп кіріп-шығады. Пәтерді қалыпты жағдайға келтіру үшін құрылысшылар тұрғындар үшін қалталары көтермейтін соманы сұрайды. Ал кейбірі бұл жерге ешқандай жөндеудің көмектеспейтіндігін бетке айтады. Айтжан апаның айтуынша, ПИК баяғыда күйреген, үй иесіз қалыпты. Барлық ағымдық жұмыстардың тұрғындарды өздері жасайды екен. Олардың кешікпей үйді күрейді деген үмітпен ғана өмір сүріп жатқан жайлары бар. Алайда үйдің күрелетін түрі жоқ.

«Бұл үй күреуге кетпейді және апатты үйлердің тізімінде жоқ», -деп бізді абдыратып тастады қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Марта НҰРҒАЛИЕВА. Тұрғындар сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жазбаша арыз берулері тиіс. Ғимаратты арнайы комиссия тексеруден өткізгеннен кейін және шешім шығарылған соң үй күрелуге кететін тозығы жеткен және апатты үйлердің тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл үйдің тозығы жеткен және апатты үйлердің тізіміне енбеуі баршаға мәлім ақиқатты дәлелдейді: бұдан құтылу сол адамдардың өз қолдарында.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

9 наурыз 2011, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.