Атырау, 8 қазан 01:23
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Әкімдерді жазаласа да, Ойыл құрғап барады

Сурет
3 035 просмотра

Жақын күндері Ойыл өзені бойындағы заңсыз салынған бөгеттер бұзылып, өзен  арнасы тазартылады. Бұл туралы «ҚазСуШар» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Жақында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері өңірімізге келіп, Қызылқоға ауданында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізген болатын. Жиында Ойыл өзенінің тағдыры талқыланды. Атап айтар болсақ, өзеннің Ақтөбе облысы аумағындағы бөлігінде заңсыз бөгеттер салынғаны туралы болды. Биыл мамыр айында Мұғалжар, Қобда, Темір және Ойыл аудандары аумағында, Ойыл өзенінің жоғарғы ағысында және бассейнінде барлығы – 57 әр түрлі нысандағы гидротехникалық құрылыстар анықталған болатын, оның ішінде 34 иесіз бөгет бар.  Қызылқоғадағы кездесуде жергілікті экология жанашыры Есенбай НҰРОВ өзен арнасындағы бөгеттерді бұзбаса, қызылқоғалықтар су тапшылығынан елден үдере көшуі мүмкін деген пікірді айтады.

- Әсіресе, Ойыл өзені бойындағы 8 ауылдық округ қиын жағдайда қалды, - дейді Е.Нұров. - Балықтар қырылып, жан-жануарлар шүңейттерге жиналған шірік су ішіп отыр. Су тапшылығынан мал азығы азайды.  

Ал, ардагер-гидрогеолог Едіге САБУРОВТЫҢ айтуынша, экологияға жауапты тұлғалар өз жұмысын тиянақты орындамай отыр. Әйтпесе, заңсыз бөгеттердің салынуына жол берілмес еді деген пікірді айтады. Жергілікті биліктен де сұрау жоқ. Айтпақшы, министрлікке қарасты су ресурстары Комитетінен иесіз гидротехникалық қүрылыстарды анықтау бойынша шараларды уақытылы қабылдамағаны үшін Мұғалжар ауданының, Темір және Ойыл аудандарының ауыл әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны хабарланған. Бірақ, қандай шара алынғаны көрсетілмеген. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы әкімдігінің тарапынан «Ойыл өзені бассейндегі ағынды ұлғайтуға бағытталған  гидрологиялық режимді зерделеуге су қорғау іс-шараларын әзірлеу» негіздемесінің техникалық ерекшелігі жасалғаны айтылады.

Айнұр САПАРОВА

 

3 қыркүйек 2021, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.