Атырау, 19 мамыр 05:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

13 тамызда таңертең Балықшы көпірі жөндеуге жабылады

1 833 просмотра

Қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз. Бұған дейін «АЖ» көпірдің жіктері ажырағанын, ортасына қол сыйып кететінін, жол төсемінде шұңқыр көп екенін хабарлаған болатын.

- 13 тамыздан (жұма) бастап, Балықшы ықшамауданындағы көпір арқылы көлік қозғалысының тоқтағанын хабарлаймыз. Жөндеу жұмыстары кезінде көпір құрылымының тозып майысқан жіктерін бұзып, ауыстыру, сондай-ақ, жол төсемін жамау жұмыстары жоспарланып отыр, - деп хабарлайды «АтырауИнжСтрой» ЖШС.

Еске салсақ, Балықшы-Жұмыскер көпірі «Трансстроймост» АҚ (Алматы) жобасы бойынша салынған, 2008 жылы пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы 511,4 метр, жолдың ені 18,1 метр. Көпірден күніне 7 мыңға дейін көлік өтеді.

Фархат ӘБІЛОВ

12 тамыз 2021, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.