Атырау, 3 мамыр 10:35
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Жайықтағы «бурлактар»

1 286 просмотра

Әлеуметтік желіде бейнежазба пайда болды: бірнеше ер адам Жайықта қайраңға шығып қалған катерді итеріп жатыр. Кадр сыртындағы дауыс: «Билік бұл жерде тереңдету жұмыстары жүргізілгенін хабарлаған еді ғой», деп шөгу тереңдігі 35 сантиметрлік қайықтың өзеннен теңізге өте алмай жатқанын айтады.

Шынында да, балық өтетін каналдардың түбі тазартылып, тереңдету жұмыстары жүргізілген жоқ па? «АЖ» мердігер - «Павлодар өзен порты» АҚ-на сауал жолдады. Атырау филиалының директоры Мақсат СӘДУАҚАСОВ өздерінің бұл учаскеде жұмыс істемегендерін айтты:

- Бұл Жайық-Каспий каналы, ал біз теңізге шығатын жердегі Яицкий тармағында тереңдету жұмыстарын жүргіздік. Бұдан басқа, видеода катер фарватермен емес, бүйірмен жүзіп бара жатыр. Каналдың екі жағындағы тереңдіктің бәрі 20-30 сантиметр.

Бұған дейін «АЖ» мердігерге сілтеме жасап, былтыр желтоқсанға дейін балық жүретін Яицкий каналының 23 км түбі тазартылғанын хабарлаған еді. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылы Жайықта тереңдету жұмыстары жалғасады. Жайық-Каспий каналына қатысты сұрақтар қалып тұр: ол жерде тереңдету жұмыстары жүргізілді ме, жүргізілсе, ол жұмысты кім жүргізді? Бұған бюджеттен қанша қаражат бөлінді, жұмысты кім бақылайды? Жергілікті билік жауап береді деп үміттенеміз.

Айнұр САПАРОВА

9 тамыз 2021, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.