Атырау, 11 қазан 07:24
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

​Жайықтың бойын тереңдету жұмыстары келер жылы жалғасады

2 420 просмотра

Биология ғылымдарының докторы Асқар КАМЕЛОВ былтыр жүргізілген тереңдету жұмыстарына байланысты болуы мүмкін деп, биыл қаңтарда Жайыққа балықтың көбірек келгенін атап өткен болатын. ҚР балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман ЖҮНІСОВ та «АЖ»-ға берген сұхбатында осы пікірмен келіскен еді. Биыл Жайықтың бойын тереңдету жұмыстары жалғаса ма, соны «АЖ» анықтап көрді.

Жайық пен Қиғашты тереңдету жұмыстары 2017 жылдан бері жүргізіле бастады. Былтыр тамыз айында Жайық өзеніндегі жұмыстарға 2 млрд 129 млн теңге, Ганюшкин және Жарқосын каналдарына 5 млрд 421 млн теңге бөлінгенін «АЖ» хабарлаған болатын. Мердігер мекеме – «Павлодар өзен порты» АҚ.

«Павлодар өзен порты» АҚ филиалының директоры Мақсат СӘДУАҚАСОВТЫҢ айтуынша, Жайықта былтыр желтоқсанға дейін ұзындығы 23 шақырым балық жүретін Яицкий каналының түбі тазартылды. Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жайықта тереңдету жұмыстары жалғасады, бірақ 2022 жылы.

- Қазір жобалық-сметалық құжаттама жасалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, - деп хабарлады облыс әкімдігі. Жұмыстың екінші кезеңіне тендер әлі өткізілген жоқ.

2017-2021 жылдары Ганюшкин арнасында балық жүретін жерді тереңдету жұмыстары жүргізілді (152 шақырымның 123-і). Биыл 1 тамыздан бастап Жарқосын каналын (12 шақырым) тереңдетуді бастау жоспарланып отыр. 

Айнұр САПАРОВА

12 шілде 2021, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.