Атырау, 27 желтоқсан 02:00
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сот орындаушысы да «ала таяқ» ұстады

3 543 просмотра

Облыстық прокуратураның алқа мәжілісінде әкімшілік айыппұлдарды төлемеушілермен жұмыс жүргізетін  мемлекеттік органдардың қызметтерінің қорытындысы шығарылды. 

Биылғы жылы облыстық прокуратура өкілетті органдарда 2010 жылы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі қаулының орындалуына тексеру жүргізген болатын. Тексеру нәтижелері бойынша 53 ұйғарым орындалып, тәртіптік жауапкершілікке 16 лауазымды тұлға, әкімшілік жауапкершілікке 4 тұлға тартылды.

Жақында салық басқармасының қызметкерлері, сот орындаушылар және автоинспекторлар қасақана салық төлемеушілерді құрықтау шарасын ұйымдастырды. Арнаулы бағдарламамен қамтамасыз етілген ноутбукпен жарақтанған тоғыз сот орындаушы жол-патрульдік қызметі қосындарында тоқтатылған автокөліктерді дерекқорлар бойынша тексере отырып, кезекшілік міндеттерін атқарды.   Басқа да іс-шаралар жүргізілді.

«Құқық бұзушы, сақтан!» акциясы барысында сомасы бір миллиард теңгеден асатын айыппұл салу жөніндегі 1372 қаулы орындалды.

Лев ГУЗИКОВ

9 наурыз 2011, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.