Атырау, 27 сәуір 08:25
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жайық әлі де «көктей» береді

1 714 просмотра

27 шілдеде облыстық экология департаментінен «AЖ»-ның Әлиев-Сатыбалдиев көпірі маңындағы Жайық бетіндегі үлкен жасыл дақ туралы сауалына жауап алынды.

Осы жерде алынған су сынамалары департаменттің зертханасында тексерілді. Жауап мынадай: «Талдау нәтижесі бойынша Жайық суынан ластаушы заттар мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан аспайтыны анықталды».

Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың тамызында Жайықта ұқсас құбылыс тіркелген болатын: жағалаудағы су қою жасыл-көк түске боялып, майлы тығыздықта болған еді. Сол күндері қала тұрғындары ағын судан жағымсыз иіс шығатынына шағымданды. Бірақ ол кезде ластаушы заттар табылған жоқ және мамандар Жайықтағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты ыстық ауа-райында ол тез әрі күшті қызып, өзен шеттері «көктей» бастайды деген еді. Демек, бұл жолы да солай.

Айнұр САПАРОВА

28 шілде 2021, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.