Атырау, 24 сәуір 17:29
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жайық тағы жасыл түске боялды

Бейнежазба
2 480 просмотра

21 шілдеде Жайықта Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің маңынан өте үлкен жасыл «дақты» байқадым. Бұл өндірістік қалдықтар ма, әлде 2015 жылдағыдай шіріген балдырлар ма?

«AЖ» оны сурет пен бейнежазбаға түсіріп, облыстық экология департаментіне сауалмен қоса жолдады. Келесі күні департамент біздің сауалымыздың негізінде өзеннің осы жерінен су сынамалары алынғанын, зертханалық талдау нәтижелері 4 күннен шығатынын айтып, жауап берді.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың тамызында Жайықта осындай құбылыс тіркелген болатын: жағалаудағы су қою жасыл-көк түске боялып, майлы тығыздықта болған еді. Сол күндері қала тұрғындары ағын судан жағымсыз иіс шығатындығына шағымданды. Бірақ ол кезде ластаушы заттар табылған жоқ және мамандар Жайықтағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты ыстық ауа-райында ол тез әрі күшті қызып, өзен шеттері «гүлдей» бастайды деген еді.

Айнұр САПАРОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

25 шілде 2021, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.