Атырау, 29 наурыз 15:01
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды

1 021 просмотра

Бүгін, 26 шілдеде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жергілікті активке ауданның жаңа басшысы Салауат ӨТЕҒҰЛОВТЫ таныстырды. Ол Президент әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен тағайындалды. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салауат Өтеғұлов 1984 жылы Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. Орал қаласындағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында экономист мамандығы және Батыс Қазақстан инжернерлік-гуманитарлық универститетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын облыстық Дене тәрбиесі және спорт басқармасында бас маман болып бастаған. 2007-2019 жылдар аралығында облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылдың шілде айынан бүгінгі тағайындауға дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Ауданның бұрынғы әкімі Мейірім Қалауи басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынды  

26 шілде 2021, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.