Атырау, 6 желтоқсан 09:09
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Норвегияға ірі метеорит құлап, жер сілкінді

1 695 рет қаралды
Коллаж: "Сегодня"

25 шілдеде Норвегияның оңтүстігіне үлкен метеорит құлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, метеориттің құлау жылдамдығы секундына 15-20 шақырымды құраған. Оның бөлшектері Ослоның батысына қарай 60 шақырымдағы орманға, қорыққа түсуі мүмкін еді.

RG хабарлауынша, Осло тұрғындары көктен құлдилаған от шарын көргендерін айтты. Айнала бірнеше секунд бойына күндізгі жап-жарық болып кеткен.

Ешқандай қиранды мен жарақат алғандар жоқ.

Норвегиялық метеорологиялық желі аспан денесінің қозғалысын бақылап отырғандықтарын айтты. Метеорит алғаш рет Ослоның солтүстігінде, оңтүстік-батысқа қарай заулап бара жатқанда Нордмарк ауылының үстінен байқалыпты. Содан кейін нысан құлаған.

Құлау кезінде көпшілік жер сілкінісі секілді күшті соққыны сезінгендерін айтқан.

26 шілде 2021, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.