Атырау, 11 қазан 01:30
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырау облысында сайлауға келу саны - 74,4%. Нәтижеcі ертең белгілі болады

1 559 просмотра

Бүгін, 25 шілдеде кешке ӨКҚ-де өткен брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат АЙМАНАКУМОВ сайлауға келушілер туралы соңғы мәліметті жариялады. Жалпы, облыста бұл 74,4% болған (Атырау ауылдық округтерінде 66%, Жылыой ауданында 80,7%, Индерде - 77%, Исатайда - 85%, Құрманғазыда - 71,7%, Қызылқоғада - 85,8%, Махамбетте - 80,8%).

Сайлау учаскелерінде барлығы 175 бақылаушы болды, оның 19-ы бұқаралық ақпарат құралдарынан, 89-ы қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардан, 46-сы саяси партиялардан және 21-і үміткерлердің сенімді өкілдері.

- Қазір біз дауыс беру нәтижелері туралы мәлімет жинап жатырмыз, алдын-ала мәлімет ертең, 26 шілдеде сағат 15:00-де белгілі болады, - деді А.Айманакумов.

Оның айтуынша, бақылаушылардан ешқандай шағым түспеген.

- Карантин шектеулеріне сәйкес, кейбір сайлау учаскелерінде бақылаушыларды кезекпен қатыстыруға тура келді, бірақ оларға бәрі түсіндірілді. Ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ.

Айнұр САПАРОВА

25 шілде 2021, 22:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.