Атырау, 24 сәуір 17:29
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырау облысында сайлау қалай өтіп жатыр

1 452 просмотра

Бүгін, 25 шілдеде таңертең облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат АЙМАНАКУМОВ ӨКҚ-де өткен брифингте сағат 10.00-дегі ахуал бойынша аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерді хабарлады.

Естеріңізге салсақ, ауыл әкімдерін сайлау таңғы 7-де басталып, сағат 20:00-де аяқталады, дауыс беру 18 ауылдық округтегі 36 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы саны - 44 305. Сайлаушылардың келуі туралы мәліметтер әр екі сағат сайын жаңартылады, ал келу қорытындысы сағат 21.00-де жарияланады.

Сағат 10:00-дегі ахуал бойынша жалпы сайлаушылардың 19,6%-ы дауыс берді (Атырау ауылдық округтерінде 15,1%, Жылыой ауданында 21,5%, Индер - 22,4%, Исатай - 24,6%, Құрманғазы - 20,3%, Қызылқоға - 25,2%, Махамбет - 20,4%).

Сағат 12:00-дегі ахуал бойынша 29,5% дауыс берді (Атырауда 23,8%, Жылыой ауданында 28,4%, Индер - 41,9%, Исатай - 33%, Құрманғазы - 31,5%, Қызылқоға - 40,8%, Махамбет - 29,5%).

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Қадыржан ОРАЗҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, сайлау комиссиясының мүшелері, сенімді тұлғалар мен бақылаушылар корановирусқа қарсы екпе алған болуы керек. Барлық сайлаушы медициналық немесе қорғаныш маскаларын тағу режимін сақтауы керек. Учаскелерде зарарсыздандыратын және температура өлшейтін құралдардың болуы міндетті.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік АМАНГЕЛДІНІҢ айтуынша, қоғамдық тәртіпті сақтауға 800-ге жуық қызметкер тартылған. Бұдан басқа, сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтардың алдын алу үшін прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен жедел топ құрылды.

- Полицейлер сайлауға арналған орынжайға сайлау комиссиясы төрағасының шақыруы бойынша ғана келе алады және тәртіп қалпына келтірілгеннен кейін немесе комиссия төрағасының өтініші бойынша кетуге міндетті, - деді Б.Амангелді.

Айнұр САПАРОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

25 шілде 2021, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.