Атырау, 24 қараша 09:12
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Қолайлысы-кәртішке» деп сендіруде

3 124 просмотра

Өткен аптада зейнеткерлер біраз абыржуға түсті. Қала бойынша Халық банкі сәуір айынан бастап осы банктің  кәртішкесі жоқ адамдарға зейнетақы бермейді-мыс деген  алып-қашпа әңгіме гу ете түсті.

Өздері  үшін түсініксіз терминалмен бетпе-бет келуге үріккен зейнеткерлердің бұл әңгімеге қатысты наразы болған қоңыраулары редакцияға шалынды. Бұған қатысты түсінік алу үшін біз «Қазақстан Халық банкі» АҚ Атырау филиалының жеке бизнес директорының орынбасары Светлана ҚҰЛЖАНОВАҒА жолықтық:

 - Сәуір айында барлығының кәртішкеге көшуге тиіс дегені  рас па?

- Таяу уақыттардан бастап кассирлер шын мәнінде зейнеткерлерге кәртішкеге көшуге кеңес беруде, әрине, оның бәрі ерікті негізде. Зейнетақысын қандай тәсілмен- кассадан немесе төлем картасымен ала ма, оны әркім өз қалауынша шешеді. Кәртішкемен алу қолайлы. Біріншіден, банкоматтар тәулік бойына жұмыс жасайды, банкте кезекке тұрудың қажеті жоқ. Екіншіден, интернет-банкинг жүйесі арқылы коммуналдық қызметтерді төлеуге және супермаркеттерден сауда жасауына болады. Халық банкінің кәртішкесіне зейнетақы аударылуы барысында комиссия алынбайды, кәртішкені ашқанда және бірінші жылы қызмет тегін  көрсетіледі. Ақшаны мүмкіндігіне қарай, тіпті, күн сайын түсіріп алуына болады. Бұл жағдайда банк комиссия алмайды.

-Зейнеткерлердің барлығы бірдей терминалды қолдануды біле бермейді және үнемі өтіп бара жатқан бөгде адамдардан көмек сұрай беруге де қысылады. Оның үстіне оның қауіпті жағы да бар, кездейсоқ адамдарға код нөмірін айтуға болмайды ғой.

-Әрбір кассада терминал бар, оған арнаулы адам бекітіліп қойылған, олар зейнеткерлерге көмектесуге тиісті. Меніңше бұдан проблема туындай қоймайтын сияқты.  

Анастасия ПАСТУХОВА

9 наурыз 2011, 21:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.