Атырау, 24 сәуір 13:06
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырауда екі апта ішінде коронавирустан 73 адам қайтыс болды

1 415 просмотра

Атырау облысында жыл басынан бері коронавирус инфекциясынан 233 адам қайтыс болған. Көрсеткіш 2020 жылғы мәліметтен 1,5 еседей жоғары, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтің айтуынша, Атырауда күрделі эпидемиялық ахуал қалыптасып отыр. 

«Соңғы 7 тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 30%-ға артты. Мәселен, 16 шілдеде 342, 22 шілдеде 489 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Осыған байланысты 414 резервтік төсек-орынның 99%-ы науқастарға толды», - дейді Қайсар Абдалиев. 

Оның мәліметінше, былтыр коронавирус инфекциясынан 110 адам қайтыс болған. Ал, биылғы қаңтардан бері қайтыс болғандар адамдардың саны 233-ке жеткен. 

«Атырау облысында 67 науқас жансақтау бөлімінде емделуде. Оның ішінде 54 адамның жағдайы ауыр, 13 науқас өте ауыр халде жатыр. Науқастардың арасында 11 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп мәлім етті Қайсар Абдалиев. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 160 адам қайтыс болғанын жазған едік.

23 шілде 2021, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.