Атырау, 19 наурыз 16:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Құрманғазыда дүкен өртенді

Сурет Бейнежазба
2 196 просмотра

22 шілдеде сағат 16:40 шамасында Құрманғазы ауданы, №7 ӨСБ байланыс бекетіне «Аманат» дүкені отқа оранып жатқаны туралы хабар түсті.


Оқиға орнына жеткен кезде құрылыс материалдарын сататын жалпы көлемі 800 шаршы метр болатын екі қатарлы дүкен ғимараты жанып жатқаны анықталды. Бағына орай, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт 17 сағат 46 минутта оқшауланып, 18 сағат 10 минутта  толықтай жойылды. Өртті сөндіруге №7 ӨСБ-нің 30 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бөкейхан БЕКБОСЫН

Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» МК» АҚ филиалының директоры Мұса Хайруллиев өзінің Facebook-тегі парақшасында оның қызметкері - халыққа қызмет көрсету орталығының жергілікті бөлімінің жүргізушісі Бөкейхан Бекбосынның ерлігін ерекше атап өтті. Дүкендегі өртті көрген ол бірден жанып жатқан ғимаратқа кіріп, бағалы тауарларды алып шыға бастады. Оны көрген жерлестері де көмекке ұмтылды. Бөкейхан денесіне күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны ТЖД және куәгерлер ұсынды

23 шілде 2021, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.