Атырау, 22 желтоқсан 22:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қарабау ауылында жел мектеп спортзалының шатырын ұшырып жіберді

Сурет
3 235 рет қаралды

22 шілде күні 16 сағат 39 минут шамасында Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында қатты желдің салдарынан спортзалдың шатыры ұшып кетті, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, деп хабарлады Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Мектеп 1978 жылы салынып, 2019 жылы күрделі жөндеуден өткен.

Қызылқоға ауылдық округі, Қарабау ауылы, Д.Нұрпейісова көшесі, №22 мекен-жайда орналасқан Қарабау орта мектебінің жалпы ауданы қатты желдің  (жел күші 20-23м/с) салдарынан ұшып кетті. 

– 2019 жылы Батыс Қазақстан облысының "Символ" ЖШС 82 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізді. Жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын спортзалдың шатыры ұшып кетті, – дейді Қарабау орта мектебінің директоры Абзал ШОҚАН. - Енді оны қалпына келтіру үшін мердігер мекемемен хабарластық, кепілдік міндеттемесіне сай шатырды қалпына келтіруге қажетті қаржыны аударатын болды.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді ТЖД ұсынды

23 шілде 2021, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.