Атырау, 17 тамыз 14:40
 дождьВ Атырау +27.6
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

"Қызыл" аймақтағы техникалық жабдықтау туралы: еріктілер оттегі баллондарын тасымайды

2 434 рет қаралды

Қазір өңірлердегі медициналық мекемелерде 8 оттегі станциясы бар, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, оттегі станциялары облыстық перинаталдық орталық, облыстық кардиологиялық орталық, №1 облыстық аурухана, Атыраудағы жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы, Құрманғазы, Қызылқоға және Индер аудандық ауруханаларында, сондай-ақ №2 Облыстық аурухана базасында орнатылды.

Сонымен қатар, өңірдің медициналық мекемелерінде 4 МРТ , 13 компьютерлік томография, 41 рентген аппараты, 669 оттегі концентраты, 1514 пульсоксиметр, 272 ӨЖЖ аппараты, 113 жедел медициналық көмек машинасы, сондай-ақ 7 жылжымалы медициналық кешен бар.

Барлық медициналық ұйымдарда жеке қорғаныс құралдары мен дәрі - дәрмектердің екі айлық қоры құрылды.

23 шілде 2021, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.