Атырау, 14 қаңтар 01:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Атырау облысының "қызыл" аймақтарында 375 дәрігер еңбек етуде

1 725 рет қаралды

275 медицина қызметкері Covid-19 ауруының көбеюіне байланысты резервте тұр, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы ресми деректер бойынша Атырау облысында 6 575 медицина қызметкері бар. Оның ішінде 1 479 - дәрігерлер, 5 096-орта және кіші буын медицина қызметкері. 

- Бүгінгі таңда "Қызыл" аймақтардағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 375 дәрігер жұмыс істейді. Жоғары, орта және кіші буын тағы 275 қызметкер аурушаңдық өскен жағдайда резервте тұр,-деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциядан 186 адам емделді, 67 науқас ауыр халде жатыр, оның 11-і ӨЖЖ аппараттарына қосылған.

23 шілде 2021, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.