Атырау, 26 қыркүйек 00:26
 ашықВ Атырау +17
$ 423.91
€ 497.37
₽ 5.82

​25 шілдеден бастап қазақстандықтар Ресейге ұшып бару үшін "Путешествую без COVID-19" қосымшасын орнатып алуы қажет

589 просмотра

Қазақстандықтар 25 шілдеден бастап ЕАЭО елдерінен Ресейге ұшып бару үшін "Путешествую без COVID-19" қосымшасын орнатып алуы қажет, деп хабарлады sputnik.kz Қазақстанның Ресейдегі елшілігне сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтары Ресейге әуе рейстерімен ұшып келу үшін "Путешествую без COVID-19" мобильді қосымшасы арқылы коронавирусқа қарсы ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткенін растауы қажет.

ПТР тест Ресейге келгенге дейін үш күннен ерте жасалмауы керек.

"Жаңа ереже 25 шілдеден бастап ЕАЭО-ға мүше елдерден (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан) әуе рейстерімен ұшып келу үшін қолданылады", - делінген хабарламада.

1 қыркүйектен бастап "Путешествую без COVID-19" қосымшасы Әзербайжан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан да ұшып келу үшін міндетті болады.

Ресей тікелей рейстерді қалпына келтірген үшінші елдерден ұшып келетін Қазақстан азаматтары (сілтемені қараңыз) бұрынғыдай РФ шекарасынан өткенге дейін үш күн ішінде жасалған ПТР тестін ұсынуы керек.

Елшілік Қазақстан азаматтарының Ресей Федерациясына құрлық арқылы кіруі бұрынғыдай шектеулі екенін және тек жекелеген санаттарға рұқсат етілгенін ескертті.

23 шілде, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.