Атырау, 18 сәуір 11:08
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Жаңа антирекорд: Атырау облысында 500-ге жуық адам ауырған

1 528 просмотра

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус жұқтырған 489 адам анықталды. Қауіпті инфекция жұқтырғандар санының өсуі  Жылыой  ауданында байқалады хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Атырау қаласында  Covid-19 жұқтырудың 278 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 29 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 86, Индер ауданында - 23, Исатай ауданында - 23, Қызылқоға ауданында - 6, Құрманғазы ауданында - 19, Мақат ауданында - 6, Махамбет ауданында-19адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 372 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 186 адам емделді.

Қазір  2848 адам үй жағдайында, 197 адам  модульдік ауруханада, екінші облыстық ауруханада - 207,  фтизиопульманологиялық орталықта - 100,  кардиоорталықта - 110, т/ж ауруханасында - 108,
аудандық инфекциялық стационарларда - 295. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 165 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта .

23 шілде 2021, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.