Атырау, 16 ақпан 16:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті тағы 12 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді

1 726 рет қаралды

Бейсенбі күні Токио ойындарының ұйымдастыру комитеті Олимпиада ойындарымен байланысты COVID-19 жұқтырудың 12 жаңа жағдайы турады мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап. 

Вирус жұқтырғандардың екеуі – Олимпиада қалашығы аумағында тұратын шетелдік спортшылар. Қазіргі уақытта Токиода Ойындарға қатысы бар 87 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті сандарды санауға 1 шілдеде кірісті. 

Жалпы санаққа Жапонияда Олимпиада алдындағы жиындардан өткен спортшылар кірмейді. Ашылу салтанаты жұма күні кешке Токиода COVID-19 шектеулеріне байланысты жанкүйерлерсіз өтеді.

22 шілде 2021, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.