Атырау, 21 қараша 23:44
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Төтенше жағдайлар бойынша жаңа басшы тағайындалды

3 133 просмотра

Бүгін, 22 шілдеде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы болып Сәбит БИТАЕВ тағайындалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков жаңа басшыны жеке құрамға таныстырды.  Бұған дейін С.Битаев Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған.  

Ол 1976 жылы туған. 1998 жылы ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «өрт қауіпсіздігі технигі» мамандығы бойынша, ал 2001 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек жолын 1998 жылы институтты бітіргеннен кейін Алматы облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жедел бөлімінің инженері болып бастады. 2008 жылдан бүгінге дейінгі аралықта азаматтық қорғау органдарында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 

Бұрынғы басшы Омар БЕРЖАНОВ зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты өз еркімен жұмыстан босатуға баянат берді деп хабарлады Атырау облысы ТЖД.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ТЖМ ұсынған сурет

22 шілде 2021, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.