Атырау, 22 желтоқсан 22:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны көбеюде

1 695 рет қаралды

Атырау облысында бір тәулікте Covid-19 жұқтырған 386 адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте Атырау қаласында  Covid-19 жұқтырудың 233 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 34, Индер ауданында - 24, Исатай ауданында - 6, Қызылқоға ауданында - 17, Құрманғазы ауданында - 15, Мақат ауданында - 5, Махамбет ауданында-16 адам анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 281 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 170 адам емделді.

Қазір  2542 адам үй жағдайында, 188  адам  модульдік ауруханада, екінші облыстық ауруханада - 207,  фтизиопульманологиялық орталықта - 99,  кардиоорталықта - 102, т/ж ауруханасында - 109,
аудандық инфекциялық стационарларда - 304. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 161 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта .

22 шілде 2021, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.