Атырау, 29 наурыз 19:05
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Құбырдағы суға не болған?

Сурет
2 043 просмотра

Бүгін таңертең бетімді жуып жатып, су құбырынан өзгеше иісті, содан кейін судың дәмін сездім. Мұнай өнімдерінің болар-болмас иісінен басқа, тілге майлы екені байқалады. Краннан ыстық су ағып тұрса, бұл белгілер едәуір білінеді.

Екі жыл бұрын досымның сапардан әкелген пайдалы сыйлығы ұзақ уақыт босқа тұрғаны есіме түсті. Бұл US medica pure water акватестері - тұз деңгейін өлшеуге арналған су сапасының анализаторы (PPM). Американдық аспаптың негізгі қызметі – қоспалар құрамының деңгейін және жалпы минералдануын (құрамында тұздың болуын) өлшеу. 

* Минералдануы - бұл суда еріген заттардың жалпы сандық көрсеткіші (TDS - total dissolved solids). 

Бұл үй анализаторы, ол зертханалық-калибрленген емес, сондықтан оның мәліметтерінің ғылыми дұрыстығын, әрине, ешкім талап етпес. Ал оның көрсеткіштерін қаперге алу - әрқайсымыздың жеке ісіміз.

Сонымен, кіріспе: су алу ауданы - Нұрсая, жеке сектор (яғни, суды өзіміз жылытамыз, жеткізуші - «Атырау облысы Су Арнасы», АЖЭО-мен келісім-шарттық қатынаста емеспіз).

Ыстық су. Анализатор өндіруші үш рет өлшеп, орташа арифметикалық шаманы шығаруға кеңес береді, мен төрт рет өлшедім. 384-тен 458-ге дейін қоспалардың болуы. 


Эксперименттің тазалығы үшін суық суды өлшедім: 461-ден 471-ге дейін. 

Анализаторға арналған кестеге сәйкес, бұл су ішуге жарамсыз. 

Жалпы, тағы 30 тармақ болса, ол денсаулық үшін қауіпті болар еді. Салыстыру үшін - үйдегі кулерден тазартылып сүзілген судың минералдануын тексергенде: 136 болды, бұл «мінсіз ауыз су» деген сиқырлы тұжырымнан, бірақ тұтыну үшін қалыпты.

Мен дереу «Атырау облысы Су арнасы» КМК өкілімен хабарласқанда, олар судың ластану көзі ыстық су жеткізуші АЖЭО болуы мүмкін деген болжам жасады. Бірақ, жоғарыда айтып өткенімдей, бізге жылу қызметкерлері ешқандай қызмет көрсетпейді, біз суды өзіміз жылытамыз. Олар сумен тікелей байланыста болмайды ғой, олар тұтынушыға су баратын құбырларды қыздырады.

Біз әзір су дайындайтын кәсіпорыннан түсініктеме күтіп отырмыз. Өз басым құбыр суын ішуді немесе тамақ дайындауға пайдалануды қоя тұрар едім.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 шілде 2021, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.