Әлемде үнді штамынан да қауіпті болатын жаңа штамм пайда болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Халықаралық олимпиада комитетінің 138-ші сессиясында осылай деп ескертті.
Гебрейесустың айтуынша, инфекцияның бүкіл әлемге таралуы жаңа штаммның пайда болуына әкеп соғады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Коронавирустың таралу аумағы кеңейген сайын, қазіргі "дельтадан" да қауіпті штаммның пайда болу мүмкіндігі артады. Вирустың жаңа түрлері көбейген кезде, олардың біреуі вакцинаға бағынбай, біз тағы ең басына оралуымыз мүмкін", - деді ДДСҰ басшысы.
Гебрейесус COVID-19-ға қарсы күресте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басты міндетін атады. Ол әр елде халықтың 70 пайызының вакцина салдыруы.
Гебрейесустың пікірінше, пандемияны бақылауға алуға болады. Алайда індетті толығымен жою үшін 11 миллиард доза профилактикалық препарат қажет.