Атырау, 6 мамыр 19:22
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Сот хроникасы

1 901 просмотра

Махамбет аудандық соты жергілікті тұрғын С.-ға қатысты алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу туралы шешім шығарды. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, азаматтық іс материалдары бойынша, С.-ның әкесі полиция бөліміне ұлын мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арыз жазғаны анықталды. Өйткені ол үнемі ішімдік ішіп, отбасының мазасын алып, жанжал шығаратын болған.

Азамат С. 2016 жылдан бастап Махамбет аудандық ауруханасында наркология есебінде тұрған. Дәрігердің қорытындысына сәйкес, емделуге мұқтаж, бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

* * *

Индер аудандық соты ҚР Әкімшілік кодексінің 482-бабы («Қаруды заңсыз иемдену және сақтау») бойынша А-ға қатысты әкімшілік істі қарады. А-ның ішкі істер органдарында тіркеусіз аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды. Қаруды мемлекет кірісіне тәркілей отырып, құқық бұзушыға 40 838 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

* * *

Исатай аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша ЖШС-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Ол тиісті рұқсат алмастан, Астрахань - Атырау - Ақтөбе трассасы бойымен халықаралық жүк тасымалымен айналысқан. Сотта ЖШС өкілі кінәсін мойындап, мұны ұмытып кеттік деп түсіндірді. Сот қаулысымен ЖШС басшысына 51 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.

* * *

Махамбет аудандық соты азамат С-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік істі қарады. Құқық бұзушы С.-ның кәмелетке толмаған балаларға алиментті Н.-ның пайдасына өндіріп алу туралы сот бұйрығын орындамағаны анықталды.  Ескертуге қарамастан, ол сот орындаушысы берген сот актісін орындаудан жалтарған. С. кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

* * *

Исатай аудандық соты «СК «В» АҚ-ның жауапкер А.-ға қатысты 119 381 теңге сақтандыру төлемдерінің сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады. Сот талқылауы барысында тараптардан медиациялық келісімге келу туралы өтініш түсті. Оның талаптары бойынша, жауапкер талап қоюшыға 2021 жылдың 25 қарашасына дейін талап қоюшының есеп айырысу шотына айына 20 000 теңгеден 119 381 теңге мөлшерінде ақша аудару арқылы сақтандыру төлемдерінің сомасын өндіріп алушыға төлеуге міндеттелді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА  

20 шілде 2021, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.