Атырау, 22 желтоқсан 22:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ковидпен ауырған әйелдерде дені сау нәресте дүниеге келуде

2 626 рет қаралды

Атырауда наурыз айынан бастап модульдік аурухананың инфекциялық стационарында 88 сәби дүниеге келді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

20 шілдедегі мәлімет бойынша, модульдік аурухананың инфекциялық стационарында 87 жүкті, 10 босанған әйел және 7 жаңа туған нәресте жатыр.

- 88 сәбиге коронавирус инфекциясын анықтау мақсатында жасалған ПТР- тест теріс нәтиже берді. Өкінше орай, жүкті әйелдердің инфекция жұқтыру қаупі жоғары. Сәби жоспарлап жүрген немесе жүкті әйелдерге өздерін қауіпті инфекциядан барынша қорғауға шақырамын, - деді №2 Атырау облыстық ауруханасының директоры Мағжан СИДЖАНОВ.

Айта кетейік, бүгінде модульдік аурухананың инфекциялық стационарында 195 науқас коронавирус инфекциясына қарсы ем қабылдауда.

20 шілде 2021, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.